14 шілде 2020 13:42

Аймағамбетов ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында бірінші тоқсанда қашықтан оқыту туралы шешім қабылданғандықтан ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында бірінші тоқсанда қашықтан оқыту туралы шешім қабылданғандықтан ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты ата-аналар, төртінші тоқсан кезінде түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Балалар мен мұғалімдерге, ата-аналарға өте қиын болды. Бірақ сіздер жағдайға түсіністікпен қарадыңыздар.

Сіздердің осындай шешімге түсіністікпен қарағандарыңызды қалаймын. Бұл кезең аяқталатынына және біздің балалар мектепке оралатынына сенімдімін. Қазір біз білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қолданамыз",-деді министр ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Ведомство басшысы оқушыларға да үндеу жасады.

"Балалар мектепті, достары мен мұғалімдерін сағынды. Шыдамдылық қажет! Біз коронавирусты жеңеміз, сіздер міндетті түрде мектепке барасыздар, бірақ қазір жақсылап демалып, оқу жылының басына дайындалу керек.

Ата-анады тыңдау керек, өтіп жатқан сабақтарға белсенді қатысу керек. Біз қашықтан оқытудан ешнәрсе жоғалтпайтындай етіп жасай аламыз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр мұғалімдерге үндеу жасады.

"Сіздерге өте үлкен жүктеме болды Біз сіздерге алғыс айтамыз. Демалыстан кейін біз сабақ, біліктілікті арттыру арнайы курстарын дайындап, оқу жылын қашықтан бастайтын боламыз", - деді министр мұғалімдерге.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети