Аймағамбетов білім беру туралы заңға қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Заңға қол қойып, білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Министр Асхат Аймағамбетов заңға қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Заңға қол қойып, білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Министр Асхат Аймағамбетов заңға қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймағамбетов алдымен жалпы ережелерге тоқталып, кейін жоғары сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлеріне қатысты өзгерістер туралы түсіндіріп берді.

Қабылданған Заңдағы маңызды нормалардың бірі - балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу.

"Ол туралы кеңінен тарқатып айтқан болатынмын. Енді мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында да жекеменшік ұйымдарда орналастырылады. Бұл мемлекет тарапынан үлкен шығындарды қажет етпей-ақ балалардың секцияларға, үйірмелерге және басқа да дамыту орталықтарына баруына қатысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді", - деп жазды ол.

Екінші - балабақшалар, мектептер мен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.

"Ұзақ уақыт бойы талқыланған норма қабылданды. Аттестаттау - сыртқы мониторинг және білім беру ұйымдарының белгіленген стандарттар бойынша орындаған жұмыстарын бағалайтын құрал болады.

Ең бастысы, аттестаттау тек проблемаларды айқындаушы репресивті құрал емес, анықталған проблемаларды жоюға бағытталған нақты ұсыныстар беру тетігі болып табылады.

Аттестаттау бес жылда бір рет жүргізіледі. Ол арқылы білім беру ұйымдарында берілетін білімнің сапасы анықталып, ата-аналар, оқушылар мен педагогтер арасында сауалнама жүргізіледі, материалдық-техникалық база, кадр құрамы және басқа да аспектілер бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады", - деп түсіндірді министр.

Үшінші - үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары білім беру процесіне енгізілгенге дейін міндетті түрде сараптамадан және апробациядан өткізіледі.

"Яғни енді оқу процесіне жаңа бағдарламаны енгізу үшін алдымен міндетті түрде сараптама, кейін апробация жүргізіледі. Осылайша орын алуы мүмкін кемшіліктер анықталатын болады.

Бұл өте маңызды норма, жаңа оқу бағдарламаларын енгізуге байланысты жұмыстарда асығыстық жасамау керек. Әрине, бұл норма министрлікті шектейді, алайда осы арқылы жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген және сыналған бағдарламаларды енгізудің механизмі жұмыс істейтін болады.

Одан бөлек, оқулықтардың сапасын одан әрі жақсарту, оқу материалдарын әзірлеу кезінде бірізділікті белгілеу үшін министрліктің мектеп оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу құзыретін айқындайтын түзету қабылданды. Бұл оқулықтардың сапасын арттыруға бағытталған маңызды норма болып табылады", - деді Аймағамбетов.

Төртінші - министрлік білім беру ұйымдарына алып кіруге және онда пайдалануға тыйым салынатын заттардың тізімін бекітеді. Бұл норма оқу орнында білім алушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін және алдын алу шараларын күшейту үшін енгізілді.

Бесінші - заңда қашықтан білім беруге қатысты жаңа нормалар пайда болды. Қашықтан оқыту ұғымы және қашықтан оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті бекітілді. Қашықтан білім беруге қатысты талаптар айқындалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro