Аймағамбетов мектептердегі проблемалар туралы айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аймағамбетов мектептердегі проблемалар туралы айтты Сурет: Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп дәретханалары мен асханаларының жағдайы туралы ақпарат жасырын сақталса, мектеп басшылары мен бөлім басшыларына қатаң шара қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп дәретханалары мен асханаларының жағдайы туралы ақпарат жасырын сақталса, мектеп басшылары мен бөлім басшыларына қатаң шара қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, кейбір мектеп директорлары мектеп әжетханалары мен асханаларының жай-күйі туралы ақпаратты жасырады.

"Мектеп асханасы мен дәретханасына қатысты мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Бізге жеткілікті ақпарат түспейді. Менің ойымша, мектептерде осы мәселелер ғана емес, проблема жетеді, бірақ олар айтылмайды. Менің қолымда бар ақпаратқа сәйкес, кейбір мектеп директорлары осындай ақпаратты жеткізгендерді жазалайды", - деді Аймағамбетов.

Министрлік басшысы әріптестерінен ақпаратты жасырмай, мектеп дәретханасы мен асханасына қатысты мәселені шешуге тырысуды сұрады.

"Жасырудың қажеті жоқ, асхана, дәретханаға қатысты шағым түссе, ешкімді жазаламаймыз. Тек осындай жағдай бар екенін білуіміз керек. Оны шешуін сұраймыз, ешкімді жазалаудың қажеті жоқ. Кемшіліктерді жоюға үлгересіздер. Бәрі шешілсе, ешқандай шара қолданылмайды", - деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети