15 маусым 2020 | 09:10

Аймағамбетов пен Сапарбаев коронавирусты анықтауға тест тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусты анықтауға тест тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусты анықтауға тест тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Білім және ғылым министрі COVID-19-ды анықтауға тест тапсырды. Нәтижесі теріс болып шықты. Асхат Қанатұлының жағдайы жақсы, бірақ ереже бойынша, ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейді. Сондай-ақ, хаттамаға сәйкес белгілі бір уақыт өткен соң ол қайтадан тест тапсырады", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың да коронавирусты анықтауға тест тапсырғаны белгілі болды. Оның да нәтижесі теріс болып шыққан. Әкім оқшауланып, видеобайланыс арқылы жұмыс істеп жатыр екен.

Еске салайық, 12 маусымда Асқар Мамин жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барған болатын. Кездесуде Елжан Біртанов, Асхат Аймағамбетов пен Сапарбаев болған еді.

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаны белгілі болды. Бұл туралы министр әлеуметтік желілердегі парақшасында жазған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети