27 тамыз 2020 13:40

Аймағамбетов орынбасары ұсталды деген мәліметке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орынбасарының ұсталғаны туралы мәліметке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орынбасарының ұсталғаны туралы мәліметке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің айтуынша, 21 шілдеде Антикоррупция қызметі БҒМ жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген. Кей БАҚ өкілдері білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғаридің бюджеттен бес миллиард теңге жымқырғаны туралы жазған. 

"Бұл ақпаратты сіз мемлекеттік органның өзінен білуіңіз керек. Бізге бүгінде ресми түрде хабарлама келген жоқ. Сондықтан бұл мәліметті тиіс орган анықтаса, дұрысырақ болады деп ойлаймын", - деп жауап берді Аймағамбетов онлайн-брифингте.

"Қазір сіздің орынбасарыңыз Рүстем Биғари қайда?" деп сұрады журналист.

"Менің барлық орынбасарым жұмыста. Рүстем Айдарбекұлы мұндай ақпаратты естіген жоқ. Ол жұмыс істеп жатыр. Жалпы кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Бұл жағдайда болжам жасау, олардың бірі (орынбасарлары) болуы мүмкін деп айту керек емес. Расталған мәлімет шығады, әрине, сол кезде біз сізбен сөйлесеміз. Бірақ дәл қазір барлық әріптесім жұмыста. Менің орынбасарым туралы, оның күдікті немесе ұсталғаны туралы ресми мәлімет алмадық", - деді министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети