29 шілде 2021 | 21:30

Аймағамбетов Тоқаевқа сапасыз ЖОО-ларды жабуға қатысты есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа білім және ғылым саласын дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуы және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берілгені айтылады.

Президентке дәстүрлі оқу форматына оралу үшін жүргізіліп жатқан ұйымдастыру шаралары туралы баяндалыпты.

"Мемлекет басшысына "Білімді Ұлт" ұлттық жобасының дайындалуы, Жолдауда және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарында берілген Президент тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берілді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырыстарында берілген тапсырмалардың 43 пайызы білім және ғылым саласына қатысты. "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында мектеп кітапханаларының қызметін қайта қалыптастыру және көркем әдебиет пен балалар әдебиетін сатып алу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысына ведомствоны кәсіби кадрлармен, соның ішінде, әлемнің жетекші университеттерінің түлектерімен және жастар кадрлық резервінің мүшелерімен күшейту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ сапасыз жоғары оқу орындарын жабуға қатысты Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы министрге бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, сапасыз университеттердің лицензиясын қайтарып алу және олардың жұмыс істеуіне мерзім белгілеу рәсімдерін жеңілдету үшін заңнамалық тұрғыдан түзетулер енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерінің еңбекақысын биылғы 1 қыркүйектен бастап арттыру маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Президент оқушылар арасында өтетін Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.21   550.47   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети