28 мамыр 2021 | 12:25

Аймағамбетов үздік оқушылар арасында жаңа тренд пайда болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Алтын белгімен" бітірген оқушылар арасындағы жаңа тренд туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Алтын белгімен" бітірген оқушылар арасындағы жаңа тренд туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймағамбетовтің сөзінше, мектепті жоғары нәтижемен бітірген оқушылар арасында педагогикалық бағытқа түсушілер көбейген.  

"Қазіргі жағдай мынадай: 347 мың педагог, болашақ педагогтердің шәкіртақысы екі есе өсті, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы болған. Енді қазір болашақ педагогтер 42 мың теңге шәкіртақы алады. Педагогикалық бағытқа түсушілер үшін шекті балл 50-ден 75-ке көтерілді. Біз үшін бастысы мектептің озат оқушылары осы мамандыққа түсуі. Педагогикалық мамандықтарға түсушілердің орташа балы орта есеппен 60-тан 90 балға дейін өсті", - дейді министр. 

Министрдің сөзінше, реформалардың арқасында бір жарым-екі жыл ішінде ең мықты түлектер педагог мамандығын таңдау үрдісі пайда болған.

"Бұған осы мамандықты таңдайтын "Алтын белгі" иелерінің өсуі де дәлел. Былтырғы ҰБТ қорытындысы бойынша, осы мамандықты таңдаған "Алтын белгі" иелерінің саны екі есе өскен. Ал биылғы ҰБТ бойынша көріп отырғанымыз 135-137 балл жинаған оқушылар педагог мамандығына тапсырып жатыр", - деді Аймағамбетов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети