19 мамыр 2023 | 11:39

Аймақты текетірес алаңына айналдыруға жол берілмейді - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы саммитте Қазақстан аймақтың геосаяси текетірес аренасына айналуын қабылдамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы саммитте Қазақстан аймақтың геосаяси текетірес аренасына айналуын қабылдамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сиань қаласында өткен "Орталық Азия - Қытай" саммитінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай Халық Республикасының рөлін және оның өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

"Қытай Халық Республикасы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Барлық елдің аумақтық тұтастығын және егемендігін сақтауға қатысты Бейжіңнің ұстанымы еш өзгерген емес. Сондай-ақ өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатынан айнымай келеді.

Қытайдың осы берік ұстанымы ерекше құрметке лайық.

Қазақстан да Қытайдың Орталық Азияға қатысты жүргізіп отырған бейбіт сыртқы саясатын құптайды. Біз Бейжіңнің тұрақты дамуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Орталық Азияның қашанда ынтымағы жарасқан, жасампаз аймақ ретінде дамығанын қалаймыз. Осы өңірді геосаяси текетірес алаңына айналдыруға қарсымыз", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети