Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Айнұр Нұрсейіттің әкесі бес тәулікке қамауға алынды

21 Қыркүйек 2016, 17:39
0
Айнұр Нұрсейіт әкесімен бірге Instagram © ainurnurseit
Айнұр Нұрсейіт әкесімен бірге Instagram © ainurnurseit

Айнұр Нұрсейіттің әкесі Анталия - Алматы бағытындағы ұшақтың бортында болған төбелес үшін 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сілтеме жасап.

Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни ұсақ бұзақылық үшін айыпты деп танылды. Бүгін 21 қыркүйекте сот шешімі шықты. Бірақ сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, сот отырысында Нұрсейіт кінәсін толықтай мойындады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық блогер Айнұр Нұрсейіт Анталия - Алматы бағытындағы ұшақтың бортында болған төбелес үшін кешірім сұраған болатын. Қыздың айтуынша, онда жанжалдасқан әйелдер тобы болған. "Ұшақ бортында бір әйелмен жанжал шықты. Әкеміз бізден бөлек отырды. Ол кішкене ішімдік ішіп алған болатын, сондықтан ештеңеге араласқан жоқ. Алайда оған бірнеше рет намысына тиетін сөздер айтылды. Ол орнынан тұрып әйелге сондай жауап қайтарған кезде, бір ер адам әкемнің бетінен жұдырықпен ұрып жіберді. Біз содан кейін білдік олар таныс немесе туыс болған. Менің әкем соққыдан қашып, ешқандай жарақат алған жоқ. Ақтау қаласының сот медициналық сараптамасы әкемді жеңіл мас күйінде болды деп қорытындылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай