Айсұлтан Сейітов Алматы туралы видеоролик түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айсұлтан Сейітов Алматы туралы видеоролик түсіреді

Танымал қазақстандық режиссер, клипмейкер Айсұлтан Сейітов Алматы туралы имидждік ролик түсіреді. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, видеоролик 2020 жылы түсіріледі. Түсірілім Алматы қаласы мен Алматы облысының ең танымал орындарында өтеді.

"Осы жылы қазақстандық режиссер және клипмейкер, әлемдік деңгейде өзін танып жүрген Айсұлтан Сейітовпен бірге Алматының туристік әлеуеті туралы имидждік ролик түсіруді жоспалап отырмыз. Роликте агломерацияның маңызды орындары көрсетіледі: Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, "Арман" кинотеатры, Көк базар, Панфилов көшесі. Сондай-ақ, облыстағы көрікті жерлер де түсіріледі: Шарын шатқалы, "Алтынемел" ұлттық табиғи паркі", Көлсай, Қайыңды көлдері", - дейді Ақылбеков.

Ол биыл Алматының танымалдығын арттыру мақсатында қала туралы баннер жарнамалар, жақын және алыс шетелдерге қатынайтын (Санкт-Петербург, Киев, Ташкент, Баку) жолаушылар пойыздары брендингтен өткізу жоспарда бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Joji, Migos, Young Thug және Travis Scott сынды танымал әншілердің клипін түсірген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети