03 сәуір 2014 | 15:04

Айтыс ақындарының анықтамалығы жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүрсін Ерман. ©Жанкелді ҚАРЖАН Жүрсін Ерман. ©Жанкелді ҚАРЖАН

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен ұйымдастыруымен "Қазақстан айтыс ақындары" атты анықтамалық жинақтың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен ұйымдастыруымен "Қазақстан айтыс ақындары" атты анықтамалық жинақтың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа кітапта бүгінгі қазақ айтысының өркендеуіне үлес қосқан аға буын ақындар мен олардың ізін жалғастырған буынның өмірдеректері жинақталған. Құрылғанына 2 жылдан астам уақыт өткен халықаралық одақ мұндай істерді алдағы уақытта жүзеге асырып отырмақ.

"Қазір алға шығып жүрген, тынығып жатқан, намаз оқып жүрген 150-ге тарта айтыс ақыны бар. Олардың кейбірін ел жек көрсін, біреу арқасынан қақса да олар осы қоғамның бір бөлшегі. Қазақ руханиятның өркендеуіне үлес қосқан Мырзатай Жолдасбеков осындай игі істің басы-қасында жүрген кезде айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің одағын құрамыз деп талаптанған болатынбыз", - деді одақтың төрағасы Жүрсін Ерман.

Айтыс ақындары Еркебұлан Қайназар мен Иранғайып Күзембаевтың құрастыруымен жарық көрген кітапқа Жүрсін Ерман редакторлық жасаған. Барлық ақындардың өмірбаяны мен шығармашылығын, айтыстағы сәтті айтқан сөздерін ықшамдап жарияланып отыр. 

"Одақ шама-шарқысына қарай тыраштанып жұмыс істеп жатыр. Осындай одақ бар деп ешкім қол ұшын созған емес, өз бетімізше осында жұмыстарды қолға алдық. Мәдениет министрлігінен шамалы қаржы алып, Жамбыл мен Қызылордада бүгінгі айтыс мәселесіне арналған республикалық ғылыми конференция өткіздік. Одан бөлек айтыс ақындары жас буынға шеберлік сыныптарын жүргізді. Осының негізінде "Қазақстан айтыс ақындары" деген бір томдық кітапты шығардық. Бұл кітапты бұдан ұтымды, тәуір сөздерімен әрлеп беруге болатын еді. Бірақ біздің мүмкіндігіміз осы болды. Бұл біздің жұмысымыздың соңы емес", - деді Жүрсін Ерман.

Биыл Мәдениет министрлігінен берілген өтініш негізінде айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен айтыс ақындарының түрлі жинақтарын шығаруды қолға алған. Алайда көп жұмыс қаржыға байланысты тоқтап тұр.

Айта кететіні, тұсаукесер барысында айтыс ақындары Дәулеткерей Кәпұлының "Шертолғақ", Айтбай Жұмағұловтың "Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы" кітабы таныстырылды. Сондай-ақ, талантты ақын Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған эстрадалық әндер мен оның айтыстарының бейне нұсқасы айтыс көрермендеріне ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети