Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов бөгдеғаламшарлықтарға сенетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне келген сапарында айтты.
Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов бөгдеғаламшарлықтарға сенетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне келген сапарында айтты.
Қазақстанның куәлігі бар бірінші ғарышкер жоғары оқу орнының қабырғасында жасалған жаңа технологиялармен танысты. Олардың бірі радиотехника секциясы, мұнда қарапайым радиотаратқыш арқылы студенттер халықаралық ғарыш станциясымен, яғни Айдын Айымбетовпен байланысқа түсе алған болатын. Ғарыш саласындағы сарапшы ретінде әңгімелесу барысында одан адамзаттан басқа өркениеттердің бар-жоғы сұралды.
"Біз әлемде жалғыз емеспіз, ақыл-ес бойынша ағайындылар бар. Әйтеуір бір заманда біз олармен кездесуіміз мүмкін. Ал қашан кездесетініміз уақыттың еншісінде. Мен бөгдеғаламшарлықтардың бар екеніне сенемін және бұл менің пікірім", - деді Айымбетов.
Сонымен қатар, бұл кездесу бола қалса не істеу керектігі жайлы сұрақ қойылды. Ғарышкерлерде осындай жағайларға арналған ережесі бар ма? "Қазақстандық дәстүріміз бйоынша, "Саламатсыздар ма! Кіріңіз, шай ішіңіз", - деп айтамын", - деді ғарышкер.
Радиотехника секциясы. © Шоқан Алхабаев
© Шоқан Алхабаев
© Шоқан Алхабаев
Еске сала кетейік, Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесімен және жаңа экипажымен ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон болды. Айымбетов ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанып, 12 қыркүйекте таңғы сағат 06.51-де ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.