10 тамыз 2015 | 16:09

Айымбетов: Отаныңа адал қызмет ету арқылы жетістікке жетуге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Айымбетов Айдын Айымбетов

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындығы жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәскеудегі Жұлдызды қалашықта ХҒС-45/46/ЭП-18 негізгі және қосымша экипаждарының баспасөз мәслихаты өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындығы жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәскеудегі Жұлдызды қалашықта ХҒС-45/46/ЭП-18 негізгі және қосымша экипаждарының баспасөз мәслихаты өтті.

Айта кетейік, қазақстандық Айдын Айымбетов, Роскосмос ғарышкері Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен экипажынан тұратын "Союз ТМА-18М" кемесі биыл 2 қыркүйекте ұшады. Tengrinews TV онлайн тарату жасаған брифингте ғарышкерлер тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Айымбетовке мынадай сұрақтар қойылды: "Ғарышқа ұшу туралы жаңалық кездейсоқ болды ма және ғарышкер алдағы саяхатқа қаншалықты дайын?".

"2003 жылдан 2009 жылға дейін мен осында, ресейлік сегментте біліктілікті көтеру тобының құрамында негізгі дайындықтарды өткіздім. Менің қазіргі дайындығымның ерте аяқталуы ғарышкерлерді дайындау орталығының инструкторлары, мамандары мен қызметкерлерінің арқасы. Олардың біліктілігінің арқасында 2003-2009 жылдары аралығында мен жақсы білім алдым, ал қазір соны қайта пысықтадым. Аздаған қиындық болды. Осы сапарға аттанар алдында қазақстандықтарға бар жақсылықты тілегім келеді, оларға айтарым, арманы қаншалықты алыс болса да әркім соған жетуге ұмтылу керек. Отаныңа адал қызмет ету арқылы жетістікке жетуге болады", - деді Айдын Айымбетов баспасөз мәслихатының барысында.

Ол тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып қазақстандық ғарышкерлердің 2009 жылғы ғарышқа ұшу жоспары неліктен орындалмағанын айтты. "Қазақстандық ғарышкердің ұшуы 2009 жылға белгіленген болатын. Ол кезде Қазғарыш пен Роскосмостың келісімшарты дайындалып жатқан. (...) Сол кезде Қазақстанда негізгі және қосымша ғарышкерлерді таңдайтын ведомствоаралық комиссия болуы керек еді. Сол кездегі әлемдік экономикалық-қаржылық дағдарысқа байланысты ғарышкерлердің сапары кейінге қалдырылды. 2009 жылдан қазірге дейін біздің ведомстволар арасында үнемі келісімшарттар жүрді. Бұл біздің Президенттің арқасында жүзеге асқалы жатыр. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Путинге алғыс айтамын. Олардың келісімдерінің арқасында қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшуына мүмкіндік қысқа уақытта туды", - деді Айдын Айымбетов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети