Полицейлер Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады, олардың тоғызы сот шешімімен елден шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицейлер Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады, олардың тоғызы сот шешімімен елден шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ мәліметінше, облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өңірде тұратын қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтау мақсатында тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
Мәселен, Өскеменнің 59 жастағы тұрғыны 2021 жылы мамырда көрші елдің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.
"Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан айрылу тіркелді. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі (738 мың 400 теңге - еск.) ", - деп түсіндірді ШҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!