Айыппұл орнына - қызғалдақ. Елордалық полицейлер әйелдерді мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыппұл орнына - қызғалдақ. Елордалық полицейлер әйелдерді мерекесімен құттықтады

Айыппұлдың орнына - қызғалдақтар шоғы. Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен осылай құттықтауға шешім қабылдаған. Олар жол бойындағы әйелдерге қызғалдақ сыйлады.

Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында полиция қызметкерлері әкімшілік материалдарды түсіндірудің немесе жинаудың орнына жол қозғалысының қатысушыларына денсаулық пен амандық тілеп, көктемгі гүлдер - қызғалдақтар сыйлады. Таяқшасымен тоқтатып тұрған полиция қызметкерін көргенде, әдетте, адамдар тежегішті басып, қандай ережені бұзғанын есіне түсіреді. Бірақ полицейдің мерекемен құттықтауын естіген олар түсінбей, біраз кідіріп қалады.

Жүргізуші әйелдер үшін мұндай сый күтпеген жағдай болды. Олар таңғалғанын жасырмады.

"Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз, жақсылық тілейміз, жол ережелерін сақтаңыз, ұқыпты болыңыз, бақытты болыңыз", - деп Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған батальоны командирінің орынбасары Тимур Тұяқбай  жүргізуші әйелдерді құттықтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети