Айыппұл туралы SMS алаяқтық болуы мүмкін - Бас прокуратура

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыппұл туралы SMS алаяқтық болуы мүмкін - Бас прокуратура Фото:depositphotos.com

Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған айыппұлдарды жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі. Онда жүргізуші мен көлік туралы деректер және "айыппұл төлеуге" сілтеме көрсетілген.

Ведомство мәліметінше, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қолжеткізіледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкіндігі туындайды. Жекелеген жағдайларда сілтемеде жеке деректерді ұрлауға арналған вирус болады.

"Бүгінде шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар", - делінген хабарламада.

Есте сақтаңыз!

Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелері көрсетілмейді. Салынған айыппұлдар туралы ақпаратты egov.kz арқылы көре аласыздар. Ол банктердің мобильді қосымшаларында да көрсетіледі.

"Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса, сілтемеге өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!" - делінген хабарламада.

Не істеу керек?

  • сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;
  • айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.

Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз:

  • банк картасын шұғыл бұғаттаңыз;
  • ықтимал алаяқтық дерегі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз;
  • құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети