ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті айыппұлдарды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті айыппұлдарды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комитеттің мәліметінше, әкімшілік заңнамаларға сәйкес, азаматтар 7 (жеті) тәулік ішінде әкімшілік айыппұлды 50 пайыз мөлшерінде төлеуге құқылы.
Осы мақсатта әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға хаттамамен бірге түбіртек тапсырылады, онда 50 пайыз айыппұл сомасы көрсетіліп, төлеу тәртібі түсіндіріледі.
"Бұдан әрі хаттама толтырылған сәттен бастап 24 сағат ішінде салынған әкімшілік айыппұл туралы мәліметтер ІІМ деректер базасына енгізіледі, содан кейін айыппұлды онлайн режимінде "egov.kz" электрондық үкіметтің порталында көруге және төлеуге болады. Бұл ретте жүйе 7 тәулік ішінде айыппұлдың мөлшерін 50% мөлшерінде көрсетеді, одан кейін, келесі тәулікте айыппұл, егер ол әлі төленбеген болса жүйе автоматты түрде толық мөлшерде қояды.
Айыппұл электрондық үкімет порталы арқылы төленген жағдайда, төлем туралы мәліметтер ІІМ деректер базасына дереу түседі және айыппұл өтелген болып саналады, одан әрі ішкі істер органдарына түбіртекті беруді қажет етпейді", - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, 7 тәулікті есептеуде мерекелік және демалыс күндері ескерілмейтіні айтылады.
Сонымен қатар, азаматтар айыппұлдарды 12 екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінде (АО "АТФ Банк", "Қазақстан Халық банкі", "QazaqBanki" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ, "AsiaCreditBank" АҚ, "Банк Астаны" АҚ, "Эксимбанк Казахстан" АҚ, "Нұрбанк", "KaspiBank" АҚ, "Сбербанк" АҚ, "Цеснабанк", "ForteBank" және "Қазпошта" АҚ "онлайн" режимінде қарауға және төлеуге мүмкіндігі бар, себебі олар электрондық үкімет порталы арқылы ІІМ жүйесіне қосылған.
"Яғни, азамат қандай да бір төлем операцияларын жасау кезінде, мысалы, аталған банктер немесе "Қазпошта" АҚ арқылы коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде, өздерінің есепте тұрған төленбеген айыппұлдарын біле алады және сол жерде оларды төлей алады. Осындай айыппұлдарды онлайн режимінде қарау және төлеу мүмкіндігі барлық мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО бар.
Бұл жағдайда азаматқа ішкі істер органдарына түбіртек ұсыну қажет емес, өйткені төлем туралы мәліметтер ІІМ жүйесіне автоматты түрде түседі", - деді комитеттегілер.