Айыппұлды "таңдап" салған қостанайлық санитар дәрігер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыппұлды "таңдап" салған қостанайлық санитар дәрігер жазаланды

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында прокуратура облыс орталығының бас санитар дәрігері Алмат Бәйкеновті карантин ережелерін бұзғандарға жазаны таңдап берді деп айыптады, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында прокуратура облыс орталығының бас санитар дәрігері Алмат Бәйкеновті карантин ережелерін бұзғандарға жазаны таңдап берді деп айыптады, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Прокуратура мәліметінше, Бәйкеновтің полицияға берген 100 пайыз істің тек 4 пайызына айыппұл салынған. Кейбір кәсіпкерге айыппұл жеке тұлға ретінде салынса, енді біріне айыппұл мүлде салынбаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің пікірінше, мұндай жағдайда азаматтар карантин шарасына жауапкершілікпен қарамайтын болады. Одан бөлек, мұндай жұмыс мемлекеттік қызметкерлердің имиджіне нұқсан келітереді. 

Алмат Бәйкенов барлық дәлелмен келісіп отыр. Ол ведомство бүгінде айыппұл көлемі көп болғандықтан қоғамдағы жағдайды ушықтырмау үшін осындай әрекетке бар айтады. Санитар дәрігер кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізу жеткілікті болады деп ойлаған. 

Кеңес мүшелері Бәйкеновті қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза тағайындаған. Ол мемлекеттік қызметке ауысу арқылы тағайындала алмайды, сондай-ақ конкурс нәтижесі бойынша, жаза қолданылған уақытта сыйақы ала алмайды, ал егер жұмыстан шыққан жағдайда 3 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.   

Одан бөлек, мемлекеттік қызметкерге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің басқармасының карточкасы берілді, ол 3 жыл бойы қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети