Айыптұрақтар ақылы болмақ: жүргізушілер нені білуі керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыптұрақтар ақылы болмақ: жүргізушілер нені білуі керек? Фото: Tengri Auto / Виктория Лебедева

Маусымның аяғында Сенат Алматы және Астана қалаларының мәслихаттарына жол қозғалысы мәселелерін шешуге көбірек құқық беретін заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маусымның аяғында Сенат Алматы және Астана қалаларының мәслихаттарына жол қозғалысы мәселелерін шешуге көбірек құқық беретін заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kolesa.kz мәліметінше, енді мәслихаттар жалпы жол ережелерінде жоқ ережелерді өздері белгілей алады. Соның ішінде ақылы автотұрақтар мен айыптұрақтар қалай жұмыс істейтінін де шеше алады.

Яғни олар айыптұрақтарда көлікті эвакуациялау және сақтау ережелері мен тарифін белгілей алады. Көлікті жеткізу және әр сақтау күні үшін ақы алынады.

Айыптұрақтар 2025 жылғы күзге қарай, яғни тарифтер бекітілгеннен кейін ақылы болмақ.

Автозаңгер Михаил Будянскийдің пікірінше, жаңа ереже көлік иелерінің, әсіресе, кінәлі емес, бірақ қиын жағдайға тап болғандардың жағдайын қиындатуы мүмкін.

Ол ақылы тұрақ идеясын әлі де талқылауға болады деп санайды. Бірақ мынадай әділдікті сақтау керек екенін айтты:

  • кінәсі дәлелденгенше жүргізушіден ақша алмау;
  • сот және шағымдану кезінде автотұрақты тегін күйінде қалдыру;
  • қандай жағдайларда эвакуация қажет екенін нақтылау;
  • көліктер көбіне не үшін эвакуацияланады? Статистиканы зерттеу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети