12 наурыз 2019 12:24

Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында бюджетті 444 миллиард теңгеге ұлғайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына байланысты 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылауды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Үкіметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына байланысты 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылауды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды. Бюджетті нақтылау шеңберінде Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде айтылған жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру, сондай-ақ 2017 және 2018 жылдардағы Жолдауларда берілген тапсырмаларды және мемлекеттің бұрын қабылданған міндеттемелерін іске асыру жоспарланды. 

Республикалық бюджет параметрлеріне мынадай өзгерістер енгізілді: түсімдер бойынша болжам кедендік әкімшілендіруді күшейту нәтижесінде 200 миллиард теңге сомасында қосымша кірістер есебінен 821 миллиард теңгеге ұлғайта отырып, 10 569 миллиард теңге болады; Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 миллиард теңгеге ұлғайту;

тікелей инвестициялар қорын құруға Ұлттық қордан 370 миллиард теңге сомасында нысаналы трансферт тарту", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі үкімет отырысында.

Смайыловтың айтуынша, нақтылау жобасы қаражатты үш бағыт бойынша бөлу қарастырады екен. 

"Нұр Отан "партиясының XVIII съезінде айтылған "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын іске асыру жалпы сомасы - 444,3 миллиард теңге. Осы қаражат аясында: азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту - 224,3 миллиард теңге; аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және ТҮҚЖБ арқылы жеңілдетілген несие беруді енгізу - 100 миллиард теңге; өңірлік инфрақұрылымды дамыту - 90 миллиард теңге; "Ауыл - Ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру - 30 миллиард теңге жоспарланған. Екінші: Жастар жылын өткізу аясында іс - шараларды жүзеге асыру - 24,6 миллиард теңге", - деп толықтырды Смайылов.

Сондай-ақ, Президенттің 2017 және 2018 жылдардағы Жолдауларында айтылған тапсырмаларына қатысты - 286 миллиард теңге бөлінеді екен. 

"Осы қаражат аясында Түркістан облысы мен Астананы дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру, Астанада ғылыми-онкологиялық орталық," Сарыарқа" газ құбыры құрылысы, сондай-ақ, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шараларды жүзеге асыру жоспарланған", - деді Смайылов.

2019 жылы республикалық бюджеттің шығыстары 1,2 триллион теңгеге ұлғайып, 11 895 миллиард теңге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети