Азамат Әмрин ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Әмрин ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды Фото:primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Азамат Әмрин ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Азамат Әмрин ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры. 

Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.  1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2008-2011 жж. - СҚО Шал ақын ауданының әкімі.  

2011-2012 жж. -  "Амрин К.К." шаруа қожалығының менеджері. 

2013-2015 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.  

2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети