Азамат Есқараев әділет министрі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Есқараев әділет министрі қызметінен босатылды Фото:gov.kz

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Азамат Есқараев – Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2000 жылы Әділет министрлігінде маман ретінде бастаған. Бұл ведомствода ол 2005 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, содан кейін Алматы әкімі аппаратының бас инспекторы болып тағайындалды.

2006-2007 жылдары "Қазына" тұрақты даму қорының заң қызметі департаментінде жұмыс істеді, одан кейін Әділет министрлігіне қайта оралды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2014-2019 жылдары премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болды.

2019 жылдан 2023 жылдың қаңтарына дейін осы бөлімді басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети