"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқарма төрағасы Данияр Ереншінов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 18 қаңтарда "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқарма төрағасы Данияр Ереншінов өз еркімен мерзімінен бұрын қызметін босатты. Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі Еренчиновтың отставкасын қабылдады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 10 қаңтарда үкімет отырысы кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Азаматтарға арналған үкімет" жұмысын сынға алған болатын. "Біз "Азаматтарға арналған үкіметті" құрдық. Нәтижесінде оның немен айналысып жатқаны түсініксіз. Адамдарға онлайн режимде тіркемейтіндеріңіз жайлы айтасыздар, олай болса бұл үкіметті неге құрдық? Ешқандай да жағдай жасамасыңыздар...", - деген еді премьер-министр мемлекеттік корпорацияның төрағасы Данияр Ереншіновке.
Сондай-ақ, үкімет басшысы онлайн тіркеуге қатысты да сын айтқан еді. "Қызметтің бұл түрі бір ай ішінде жүзеге асырылатын болады", - деген Данияр Ереншіновке премьер-министр бір айдан соң халық арасында дүрлігудің азаятыны, сондықтан да енді онлайн режимнің қажет болмай қалатынын айтқан. Ал кеше, 17 қаңтарда елімізде онлайн тіркелу мүмкін болды.