17 сәуір 2018 12:13

"Азаматтарға арналған үкімет" жасанды интеллектіні пайдаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жасанды интеллектіні пайдаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жасанды интеллектіні пайдаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов клиентке бейімделуді арттыруға бағытталған жаңа әдістер мен құралдарды қолдану мен қызметтерді жаппай электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мынандай жобаларды енгізуді жоспарлап отыр: баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметінің проактивті тәсілін (SMS арқылы) енгізу; Әділет министрлігі желісі бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында проактивті принципін енгізу; республика бойынша әр облыс орталығында цифрлық ХҚО ашу; тағы екі көші-қон бойынша ХҚО ашу.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бақылауды күшейту үшін Ахуалдық орталықты дамыту шеңберінде жасанды интеллект пен Chat-bot виртуалды кеңесшілерін енгізу жоспарланғаны айтылады.

"Мемлекеттік корпорация Big data деректерінің ауқымды көлемін жинап, оларды өңдеу және талдау арқылы мемлекеттік қызметтер мен оларды көрсету процестерін одан әрі жетілдіру мәселелерін қарастыратын болады", - деді Оспанов.

Озық цифрлық технологияларды қолдану шеңберінде азаматтың биометриялық деректері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету жоспарланған. Бұл технология электрондық қызметтерді неғұрлым оңай алып, жеке деректердің қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети