15 қазан 2018 | 16:27

"Азаматтарға арналған үкімет" менеджері кафедегі даудан кейін жұмыстан шығарылды

Видеодан алынған кадр

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша директорының орынбасары Нұрбек Қанаев жұмыстан шығарылды. Корпорацияның баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша директорының орынбасары Нұрбек Қанаев жұмыстан шығарылды. Корпорацияның баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алайда олар мемлекеттік қызметкердің жұмыстан шығуына қатысты жағдайдың мән-жайын айтпады.

Реклама
Реклама

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Нұрбек Қанаевқа қатысты іәкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Сот әкімшілік жаза ретінде ескерту жасады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері қызметтік тергеу жүргізді. Қазіргі уақытта Қанаевпен жасалған еңбек шарты күшін жойды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Нұрбек Қанаев қаладағы кафелердің бірінде достарымен демалып отырғанда даяшыдан түбіртекті қазақ тілінде әкелуін талап еткен болатын. Бірақ оның қазақ тіліндегі нұсқасы болмағандықтан, Қанаев шотты төлеуден бас тартып, даяшыны балағаттап, тіпті дәмхананы жауып тастаймын деп қорқытқан. Содан кафе қызметкерлері полиция шақырған болатын. Кейінірек ол кафедегілерден осы дау үшін кешірім сұраған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная