“Азаматтарға арналған үкімет“ пен ІІМ қызметкерлері жылжымайтын мүлік кадастры жүйесін алдамақ болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына жалған мәліметтер енгізу әрекеті туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына жалған мәліметтер енгізу әрекеті туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл оқиға Өскеменде болған.

"Өскемен қаласының соты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО филиалының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы Қыдырбаева А. мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті бөлімшесінің бастығы Байчин Р.-ға қатысты үкім шығарды. Қыдырбаева "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жүйесіне Байчиннің жылжымайтын мүлкі жоқ екені туралы әдейі жалған ақпарат енгізгені үшін кінәлі деп танылды", – деді Бигайдаров Антикор брифингінде.

Осы үкіммен Байчин жұмыс орнында өз атына тіркелген баспананың жоқтығы туралы жалған анықтама ұсыну арқылы 7,2 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй төлемдерін заңсыз иеленгені үшін айыпты деп танылды.

"Маман 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 2 жылға квазимемлекеттік сектордағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізумен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды. Ал полиция қызметкері келтірілген залалды толық өтегеніне байланысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, "полицияның аға лейтенанты" арнайы атағынан айырылды", – деп толықтырды спикер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 499.09  course up  518.53  course up  5.65  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro