09 қыркүйек 2016 | 11:08

Азаматтық ала алмай жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта беру жөнінде шешім қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© turkystan.kz © turkystan.kz

Азаматтық ала алмай жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта беру жөнінде шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық ала алмай жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта беру жөнінде шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Көші-қон департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндіктері болмай жүрген оралмандардың мәселесін ескере отырып, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті оралман мәртебесін жоғалтып, жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу) тәртібімен Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмай жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта беру жөнінде шешім қабылдаған", - делінген департаменттің хабарламасында. 

Осыған байланысты, қазіргі уақытта оралман мәртебелерін жоғалтқан этникалық қазақтарға өз мәртебелерін растау үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Алматы қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына, Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгінуі қажет екендігі айтылады.

Оралман мәртебесін растағаннан кейін этникалық қазақтар тіркеуде тұратын жерлері бойынша көші-қон полициясы бөліністеріне "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 16-1 бабына сәйкес Қазақстанның азаматтығына жеңiлдетiлген (тiркеу) тәртiбiмен қабылдау туралы өтініш білдіре алады.

Өтінішті қарау мерзімі үш айды құрайды.

Сондай-ақ, оралман мәртебесін өткізіп алған этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта алу кезінде төмендегіні ескеру қажет:

- оралман куәлігі емес, анықтама ретінде (мөрмен расталған, 3х4 фотосуреті бар) беруді;
- анықтама мерзімі 6 ай;
- анықтамада этникалық қазақтың міндеттемесін көздеу (яғни, анықтама берілген күннен бастап 6 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға облыстық Ішкі істер департаменттерінің Көші-қон полициясы басқармаларына тиісті құжаттарын тапсырып үлгеру);
- анықтама тек қана облыстық Ішкі істер департаменттерінің Көші-қон полициясы басқармаларына тапсыру үшін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети