Азаматтық авиация комитеті ұшуға тыйым салынған "Bek Air ұшағының" рейсі туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Азаматтық авиация комитеті ұшуға тыйым салынған "Bek Air ұшағының" рейсі туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kozachkov offside Telegram-арнасында Bek Air әуе компаниясына тиесілі деп болжанған Fokker-100 ұшағының рейсі туралы ақпарат пайда болды. Ұшақ Алматыға ұшып келе жатқан.
"Bek Air үш жылға жуық уақыттан бері рейстерді орындай алмай отыр. Мен әуе компаниясының иесі Нұрлан Жұмасұлтановқа телефон шалдым, ол лицензиясынан айырылғанын, ұшуға жарамдылық сертификаттары тоқтатылғанын растады. Сонда Bek Air атынан ұшқан кім?", - деп жазды Козачков.
Оған Азаматтық авиация комитеті бұл RK8265 борты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін хабарлады. "Қазаэронавигация" РМК бұрын Bek Air компаниясына тиесілі ұшақтардың ұшуын тіркемеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!