Азаматтық авиация комитетінің басшысы отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азаматтық авиация комитетінің басшысы отставкаға кетті Бекен Сейдахметов

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Азаматтық авиация комитетінің басшысы Бекен Сейдахметтің жұмыстан босағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Азаматтық авиация комитетінің басшысы Бекен Сейдахметтің жұмыстан босағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Екі күндей бұрын өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды", - дейді министр журналистерге. 

Еске салайық, сәуірдің басында бас көлік прокуратурасы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке Азаматтық авиация комитетінің басшысы Бекен Сейдахметтің өз қызметіне қаншалықты лайықты екенін қарастыруды сұраған. 

Прокуратура өкілдерінің сөзінше, бұл жағдай кейінгі уақытта жиілеп кеткен әуе оқиғаларына байланысты болған. Осыған байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына сараптама жасалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети