18 қараша 2019 11:34

"Азаптау туралы арыз түсті" - Тұрғымбаев Олеся Кексель ісі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісі бойынша айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісі бойынша айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тергеу жүріп жатыр, азаптау туралы арыз түсті. Арыз тіркеуге алынды, тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолдану дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге нақты бірдеңе айта алмаймын, себебі бұл арыз Бас прокуратурадан түсті және тергеу жүргізу туралы тапсырма түсті. Кексель Қазақстанда жүр", - деді министр үкімет отырысының кулуарында. 

"Кексельге қатысты айып тағылған емес, бұлтартпау шарасы да қолданылған жоқ. Ол тергеуден қашып жүрген жоқ", - деді Тұрғымбаев. 

"Время" газетінің мәліметінше, осыған дейін Олеся Кексельге және Бауыржан Ғаббасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл туралы адвокат Хамида Айтқалиева жұмада энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісі бойынша процесс кезінде айтқан. 

"Тергеуге біздің қорғауымыздағы кәсіпкер - Набиев Е.И арызы себеп болған. Ол Бас прокуратураның 4-ші қызметі Кексель О.И. және Бас прокуратураның жедел-тергеу тобының мүшесі Ғаббасов Б.А. тарапынан заңсыз әрекеттерінің құрбаны болған", - деді Айтқалиева. 

ІІМ баспасөз қызметі тергеу жүріп жатқанын растады. 

Айта кетейік, Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған. Ол 2018 жылдың қаңтарынан бастап Бас прокуратура арнайы прокурорлар қызметін басқарды. Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылы Олеся Кексель "жылдың мемлекеттік қызметшісі" болған еді. 

Сондай-ақ, ол ең қиын коррупциялық істерді тергеге және  II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети