Әзербайжан президенті Қазақстанмен қарым-қатынас туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжан президенті Қазақстанмен қарым-қатынас туралы айтты Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің биыл аталып өтілетін 100 жылдық мерейтойының маңызы зор екенін айтты.

Әзербайжан – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Былтырғы қорытынды бойынша екіжақты тауар айналымы 40 пайызға өсіп, 460 миллион доллардан асты. Биылғы 4 айдың қорытындысына сәйкес өзара сауда айналымы 185 миллион доллар болып, 40 пайызға артты.

"Тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізу жөніндегі алдымызға қойылған міндетке сәйкес, біз Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Ильхам Әлиев ҚР премьер-министрінің Әзербайжанға ресми сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

"Біздің ынтымақтастығымыздың күн тәртібі өте ауқымды, ол жылдан жылға кеңейіп келеді. Президенттер деңгейінде қабылданған келісімдердің жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынастың өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сонымен қатар, оларды әрі қарай дамыту үшін бізде орасан зор әлеует бар. Біз келіскен шараларды іске асыру тауар айналымының ұлғаюына ықпал етіп, энергетика, көлік және басқа салаларда бұдан да ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін бизнеске қосымша мүмкіндіктер жасайды", - деді Ильхам Әлиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети