Әзербайжанда Ахмет Байтұрсынов түсірілген видео мен суреттер табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжанда Ахмет Байтұрсынов түсірілген видео мен суреттер табылды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ғалымдар Әзербайжан мұрағатынан қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынов түсірілген видеоны тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, видео 1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Әзербайжанда Бірінші бүкілодақтық түркология құрылтайы өткен кезде түсірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Медетжан Ізғұтты (@medetzhan_izguttinov)

"8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Бір қызығы съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Оны да алдағы уақытта табуды міндет етіп отыр жас ғалымдар", - деп жазды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке парақшасында.

Сурет те сол құрылтайда түсірілген. Онда Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар.

Министр осы еңбегі үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқаға алғысын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети