06 қаңтар 2015 11:13

"Азғыр" полигоны аумағындағы көлшік тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©azh.kz ©azh.kz

Атырау облысындағы "Азғыр" полигоны аумағында пайда болған көлшіктің жергілікті тұрғындарға қауіп төндіруі ықтимал, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Атырау облысындағы "Азғыр" полигоны аумағында пайда болған көлшіктің жергілікті тұрғындарға қауіп төндіруі ықтимал, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Аумаққа зерттеу жүргізген Ядролық физика институтының мамандары Атырау облысы әкімдігіне көлшік маңына қоршау орнатуды ұсынып отыр. Себебі көл суын мал ішіп қоюы мүмкін. Ядролық аумақтағы көлшік 5 гектардай ауданды алып жатыр. Ол Азғыр ауылынан 15 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Мамандардың талабы бойынша, көлшік биіктігі 2 метр, ұзындығы 1,5 шақырым болатын қабырғалармен қоршалуы керек. 

"Бір алаң жарылыс кезінде опырылып, үлкен көлсымақ пайда болған. 4-5 гектар аумақты құрайтын көлдің аумағын қоршау үшін сметалық құжаттарын жасақтап отырмыз. Осы жылдың аяғына дейін сараптамадан өткеннен кейін, үлгерсек, жылдың аяғында, үлгермесек, 2016 жылдары жергілікті бюджет қаржысы есебінен қоршау салуды жоспарлап отырмыз", - дейді Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ Бисембиев.

Телеарнаның мәліметінше, "Азғыр" полигонында 1966 жылдан 1979 жылға дейін ядролық қару 17 рет сыналған. Бүгінде ең қауіпті деген 4 алаң қоршалып, радиациялық қауіптен сақтандыратын белгілер орнатылды. Мамандар полигонды экологиялық апат аймағына жатқызу-жатқызбау мәселесіне әлі күнге дейін бас ауыртып келеді. Осы мақсатта Ядролық физика институты жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр. Нәтижесі осы жылдың аяғында белгілі болады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети