01 сәуір 2014 | 09:57

Азиада кезіндегі жемқорлық анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото jpg.kz сайтынан Фото jpg.kz сайтынан

Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша департаменті 2011 жылғы Азия ойындары кезінде болған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша департаменті 2011 жылғы Азия ойындары кезінде болған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған іс Қылмыстық кодекстің 193-бабы, 3-тармағы - "заңсыз жолмен иемденген қаржыны немесе басқа да мүлікті заңдастыру" бойынша "2011 жылғы VII Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясы" АҚ-сына қарасты медиатехнологиялар және телерадиотарату басқармасының бұрынғы бастығы М. есімді азаматқа қатысты қозғалды.

"Ол 2009-2011 жылдары аралығында "БМВ-750 (2009 жылы шығарылған) және "Мерседес-Бенц Е-250" (2011 жылы шығарылған) автокөліктерін сатып алу арқылы ұрлаған қаражатты заңдастырған", - делінген ресми хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети