Әзілге бола 5 жыл: ІІМ “телефон терроризмінің“ салдары туралы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзілге бола 5 жыл: ІІМ “телефон терроризмінің“ салдары туралы ескертті Midjourney

2024 жылы ішкі істер органдары әртүрлі нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылы ішкі істер органдары әртүрлі нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, "жалған терроризм" фактілері үшін 48 күдікті ұсталды, олардың 15-і - кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 13 адам, оның ішінде бір жасөспірім тартылды.

"Егер жалған хабарламаны таратқан адам кәмелетке толмаса, оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Былтыр мұндай шара алты ересек адамға қолданылды. Сонымен қатар сот шешімімен жалған шақырту салдарынан объектінің иесіне немесе мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы қылмыскерге талап-арыз қойылады. Залал мөлшері екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети