12 тамыз 2018 11:41

Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Халықаралық әуежайға бірінші болып Әзірбайжан көшбасшысы Ильхам Алиевтің ұшағы қонды. Қонақтарды күтіп алушы жоғарғы лауазымды тұлғалар арасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болды. 

Кейін Иран президенті Хасан Руханидің борты қонды. 

Хасан Руханиді Қазақстан Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

Жақын арада Владимир Путин мен Гурбангулы Бердымухамедов келеді деп күтіледі. Қазақстан Президенті Ақтауға 10 тамызда ұшып келді. 

12 тамызда Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтеді. Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан басшылары Каспий мәртебесі Конвенциясына қол қойылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети