"Азық-түлік алып, кетіп қалды". БҚО-да жүрген Ресей әскерінің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азық-түлік алып, кетіп қалды". БҚО-да жүрген Ресей әскерінің видеосы тарады Видео кадры

Желіде Батыс Қазақстан облысында түсірілген видео тарады. Онда Ресей туымен жүрген әскери техника көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Батыс Қазақстан облысында түсірілген видео тарады. Онда Ресей туымен жүрген әскери техника көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан ауылда Ресей туымен жүрген әскери техниканы көруге болады. Бөкей ордасы ауданының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді. 

"Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында ресейлік әскерлердің көліктері жүргені туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілім бойынша келесіні хабарлаймыз: 18 сәуірде ресейлік әскери көліктер аудан аумағында орналасқан полигон аймағына бара жатқан кезде, Бөкей ордасы ауданының Темір Масин ауылдық округі Бөрлі ауылындағы дүкенге соғып, азық-түлік алып, көп кідірмей бірден жолын жалғастырды. Ресей әскерінің тарапынан қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер мен оқиғалар болған жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети