Азық-түлік бағасы едәуір өскен өңірлер аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азық-түлік бағасы едәуір өскен өңірлер аталды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы едәуір өскен өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы едәуір өскен өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бес айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары өсімі Түркістан облысында - 9,4 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында - 8,5 пайыз және Алматы қаласында - 6,0 пайыз тіркелді.

Баға өсімі бойынша ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында - 5,7 пайыз, Ақмола облысында - 5,6 пайыз және Қарағанды облысында - 5,2 пайыз байқалады", - деп хабарлады Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6,3 пайызға өскен. Оның ішінде өсімнің 84 пайызы алты тауар позициясы бойынша, көкөністер, импортқа тәуелді өнімдер (қант, қарақұмық жармасы) және жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар (күнбағыс майы). Жылдық мәнде бағаның өсуі 11,8 пайыз болды.

Оның айтуынша, азық-түліктің қымбаттауы бүкіл әлемде байқалады. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мәліметі бойынша, биыл мамырда бағалар былтырғымен салыстырғанда 39,7 пайызға өскен. Осылайша, бұл соңғы 10 жылдағы рекорд көрсеткіш болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети