Азық-түлік бағасы: министр қатаң шаралар туралы мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азық-түлік бағасы: министр қатаң шаралар туралы мәлімдеді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бағаны тұрақтандыруға бағытталған қосымша шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтіп жатыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам сауда желілерінің өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті.

Министр Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15 пайыз мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салып, заңбұзушылық анықталған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Жыл басынан бері министрліктің аумақтық департаменттері 2562 әкімшілік қаулы қабылдаған, оның ішінде 1360-ы – 56,5 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл, 1202-і – ескерту. ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес ӘМАТ-қа сауда үстемесін асырып жібергені үшін 2191 қаулы шығарылған, соның ішінде 1020-сы – 39,6 миллион теңгеге айыппұл салынды.

"Ет өнімдері нарығында белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды. Әлеуметтік маңызы бар сиыр етіне үстеме бағаны асырғаны үшін 45 қаулы рәсімделді, оның 33-і – айыппұл. Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ет өнімдерін сауда орындарына жеткізу кезінде үстеме бағаның сақталуын бақылау үшін қосымша мониторингтік топтар құруда. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуде жасырын қымбаттау схемаларын және ретро-бонустарды алып тастауға бағытталған заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети