11 наурыз 2018 12:55

БАӘ-ге визасыз бару: Қандай кедергілерге тап болуыңыз мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tourprom.ru © tourprom.ru

Дубайға ұшпақшы болып, Мәскеуде тұрақтап қалған қазақстандықтарға қатысты СІМ өкілдері пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Дубайға ұшпақшы болып, Мәскеуде тұрақтап қалған қазақстандықтарға қатысты СІМ өкілдері пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"БАҚ-тағы жарияланымдардан кейін бас консул Emirates Airlines әуе компаниясының басшылығымен сөйлесті және ол Қазақстанда БАӘ-ге визасыз кіру туралы режимнің жүйеге енгізілгенін растады. Әуе компаниясының басшысы жағдайды реттейтінін және мұндай олқылықтың қайталанбайтынын айтты", - деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков 10 наурызда Дубайдағы әуежайда 200-ден аса қазақстандықты күтіп алды, олар визасыз режимді пайдаланып ұшып барған. 

"Суреттегі отбасы ең бірінші болып ұшып келді, оларды салтанатты түрде қарсы алды және естелік сыйлықтар табыс етілді", - деді Жайнақов. 

Оның айтуынша, Қазақстаннан БАӘ-ге ұшатын әуе компанияларымен проблема жоқ, оларға визасыз режим туралы алдын ала айтылған.

"Осыған ұқсас жағдай Варшавада болды, ол кезде қазақстандық жігіт пен әуе компаниясының өкілдері арасында Қазақстан мен БАӘ-дегі визасыз режимге қатысты сұрақтар туындаған. Ол мәліметтерді қайта тексеруді талап еткен және еш кедергісіз Дубайға ұшып барды. БАӘ-ге визасыз режимнің енді ғана күшіне енуіне байланысты Қазақстан азаматтарынан өз құқықтарын табандылықпен қорғап, әуе компаниясының қызметкерлерінен мәліметтерді қайта тексеруді талап етуге кеңес береміз", - деді СІМ өкілі.

"Осыған ұқсас жағдайларға тап болған қазақстандықтар бар болса, олар да әуе компаниясының қызметкерлеріне Amer Service Center виза орталығына хабарласуға кеңес бере алады, ол жерден екі ел арасындағы визалық және визасыз режим жөнінде өзекті ақпараттарды алуға болады", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 10 наурыздан бастап қазақстандықтар БАӘ-ге визасыз кіре алады, алайда кеше, Қазақстанның екі азаматы Мәскеуден Дубайға ұшып кете алмағандарын айтып, шағымданған.

БАӘ-де визасыз 30 күн жүруге болады. Ол елге визасыз бару үшін қойылатын талаптарды мына жерде көріңіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети