13 сәуір 2023 18:05

Баға, азық-түлік, экспорт. Тоқаев Жұманғаринге бірқатар тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президентке еліміздің сауда саласының былтырғы даму қорытындысы, Үкіметтің бағаны тұрақтандыру және қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы баяндалды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныс берілді.

Серік Жұманғариннің айтуынша, 2022 жылы Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі – 134,4 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға көп. Қызмет көрсету саудасы 26,3 пайызға өсіп, 12,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады.

Өңделген өнімдер экспорты 26,5 миллиард долларды құрап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Терең өңделген экспорт тауарларының тізімі кеңейіп, отандық тауарлар жаңа экспорт нарықтарына шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының отандық өндірісінің жағдайы туралы айтылды. Қазақстан тұрғындардың қажеттілігін 19 өнім түрінің 10-ы бойынша толық, 6 өнім түрімен 80-98 пайыз және тағы үш өнім бойынша 50-ден 68 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Импортқа тәуелділікті барынша азайту үшін алдағы уақытта өңірлерде іске асырылатын ірі агрожобалардың топтамасы жасақталады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын дамыту, қосымша құны жоғары қазақстандық тауарларды экспортқа белсенді түрде шығару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети