25 тамыз 2022 | 12:15

"Бағаламаймыз". Желі қолданушысы Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету сапасын салыстырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ыстамбұлда тұратын қазақстандық әйел Қазақстан мен Түркиядағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының айырмашылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ыстамбұлда тұратын қазақстандық әйел Қазақстан мен Түркиядағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының айырмашылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Раушан Базарбай Facebook желісіндегі жазбасында Түркияның мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің ерекшеліктері туралы жазған.

"Бүгін жүкті қызым екеуміз Түркияның мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің барлық "тосынсыйын" көрдік. Күні бойы уақытым құжат дайындауға, ойлаңызшы, дайындауға ғана, дәлірек айтсақ, ықтиярхат уақытын ұзарту үшін құжаттарды жинауға кетті. Бір кеңседен екіншісіне. Бір кеңсе басқасынан жүздеген қашықтықта екенін ескеріңіз. Сондай-ақ, кептелістер бар. Мемлекеттік қызмет көрсететін бұл кеңселердің бәрі тек сағат 9:00-ден 16:30-ға дейін жұмыс істейді.

Ыстамбұлдың таулы жолдарынан үнемі ауырып, жүрегі айнып, мазасы кеткен қызым екеуміз осындай елде ұйымдастырудың нашарлығына және цифрландырудың мүлдем жоқтығына таңғалдық. Ломтадзе мырза, Вячеслав Ким мырза, сіздерге Түркияға тура жол бар", - деп жазды әйел.

Сонымен қатар, Раушан Базарбай Түркияда QR-код арқылы қызмет ақысын төлеу мүмкін емесін, электрон құжат айналымы, электрон төлқұжаттар мен кілттер жоқтығын айтады.

"Ең жаманы, әр ведомство басқасымен байланыспайды, бір ведомство, бірақ әртүрлі кеңсенің өз ережелері бар. Банк шотын ашу - проблема, мекенжайға тіркелу - проблема, құжатты куәландыру тағы бір проблема. Ақшаңыз болса да сол.

Қазақстанда бәрі eGov арқылы, қазір Kaspi арқылы да жүзеге асады. Бәрі лезде, оңай және қарапайым, үйіңізден шықпай-ақ көптеген маңызды қызметті ала аласыз және ол тегін! Ал мұнда бәрін төлеу керек. Құжаттарды жинау үшін такси қызметінің өзіне бір күнде 150 доллар төледім!", - деп қосты әйел.

Бұл ретте ол Қазақстанда үйден шықпай-ақ неке қиюға және бұзуға, кәсіп ашуға, қызметтің барлық түріне лицензия алуға, жүргізуші куәлігін жаңартуға, тіркеуге, медициналық анықтама алуға болатынын баса айтады.

"Бізде төлқұжатты бір күнде ала аласыз, ал Түркияда төлқұжат алу үшін 1,5-2 ай, тіпті 3 ай қажет болады. Барлық қазақстандық такси жүргізушісі мен Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерін, әрқайсын сүйіп шыққым келді! Ал Бағдат Мусинді қатты қысып, құшақтаса! Бірақ Қазақстанда болғанда оны бағаламаймыз", - деп түйіндеді сөзін Раушан Базарбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети