“Бағанашыл“ балалар үйін Президент Әкімшілігінен келген комиссия тексеріп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бағанашыл“ балалар үйін Президент Әкімшілігінен келген комиссия тексеріп жатыр

Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінде Президент Әкімшілігінің комиссиясы тергеу жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінде Президент Әкімшілігінің комиссиясы тергеу жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада комиссия мүшелері тәрбиеленушілер, мекеме басшылығы және қызметкерлері, сондай-ақ білім беру жүйесінің өкілдерімен кездескені айтылған.

Тексеріс аясында Президент Әкімшілігінің өкілдері балалар үйіндегі тұру және оқу жағдайларымен танысып, іргелес инфрақұрылым нысандарын аралаған.

Қазір көшу туралы шешім қабылдауға қатысты құжаттарды жинау және талдау жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Комиссия жетім балаларға заңнамада көзделген барлық әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше көңіл бөліп отыр.

Тексеру балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау басымдығымен жүргізілетіні айтылды.

Бұл тексеріс туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де хабарлады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент Әкімшілігі кешегі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бастады. Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті", – деп жазды Қарин Telegram-арнасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети