“Бағанашыл“ тағы назарға ілікті: балалар үйі сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бағанашыл“ тағы назарға ілікті: балалар үйі сүріліп жатыр Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Бағанашыл" балалар үйі тағы да назарға ілікті: Алматы тұрғындары мекеме ғимараттарының бірі бұзылып, екіншісінің терезелері алып тасталғанын байқаған. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Бағанашыл" балалар үйі тағы да назарға ілікті: Алматы тұрғындары мекеме ғимараттарының бірі бұзылып, екіншісінің терезелері алып тасталғанын байқаған. Қала әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Алматы тұрғыны редакцияға "Бағанашыл" балалар үйінің аумағындағы ғимарат түсірілген бейнежазба жолдады.

"Мұнда бәрін бұзып тастаған. Мына бір жақсы ғимараттың терезелерін алып тастапты. Оны қиратқан. Ал мына шыршалардың қасында тағы бір ғимарат бар еді – ол қазір жоқ, сүріп тастапты", - деп түсіндіреді ол кадр сыртында.

Әкімдік не дейді?

Алматы Білім басқармасы редакция тілшісінің сауалына берген жауабында, 2025 жылғы 13 қазанда Integra Construction ЖШС мен қалалық құрылыс басқармасы арасында жаңа нысанды жобалау бойынша ынтымақтастық меморандумы жасалғанын хабарлады.

Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда

"Техникалық тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік және оқу корпустарының, спорт және акт залдарының ғимараттары сейсмикалық күшейтуге келмейтіні және бұзылуы тиіс екені анықталды. Бүгінде жоғарыда аталған құрылыстарды бөлшектеу жұмыстары аяқталды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Фото: Тengrinews.kz/Болат Айтмолда

Жобада жатақхана корпусын реконструкциялау, сондай-ақ жаңа оқу, спорт, әкімшілік корпустары мен асхана салу қарастырылған. Жұмыстарды төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланған.

Тәрбиеленушілер қайда ауыстырылды?

Әкімдік мәліметінше, балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалған. Ондағылар былтыр тамызда балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына ауыстырылғанын нақтылады. Олар осы уақытқа дейін сонда орналасқан.

"Бағанашыл" дауы

Айта кетейік, былтыр 21 шілдеде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерікті түрде көшіру соңы жанжалға ұласқаны белгілі болды.

Балалар үйінің қақпасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын автобусқа отырғызу үшін көліктер келген. Алайда балалар үйінің кей тәрбиеленушілері автобустардың жолын бөгеп, алдына тұрып алды.

Оқиғаға полиция араласып, видеоға қарағанда, балалармен дөрекі қарым-қатынас жасаған. Кадрларда балалар үйінің тәрбиеленушілері оларды ұстамауды өтініп, жанжал шығарғаны көрінеді.

Бұл жағдайға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласты. Оның тапсырмасымен балаларды көшіру тоқтатылып, Президент Әкімшілігі жанынан қызметтік тергеу тағайындалды.

Кейін Алматы облысында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан көшіруге байланысты туындаған дау салдарынан үш шенеунік қызметінен босатылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.47   553.7   5.91 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети