“Бағанашылдағы“ жанжал: шенеуніктің балалармен әңгімесі көпшілікті ашуландырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бағанашылдағы“ жанжал: шенеуніктің балалармен әңгімесі көпшілікті ашуландырды видео кадры

"Э, братан". Алматы облысы әкімдігі қызметкерінің "Бағанашылда" балаларды көшіру кезінде айтқан сөзі көпшілікті ашуландырды. Алматы облысының білім басқармасы жағдайға пікір білдіріп, қызметкерге қандай шаралар қабылданғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Э, братан". Алматы облысы әкімдігі қызметкерінің "Бағанашылда" балаларды көшіру кезінде айтқан сөзі көпшілікті ашуландырды. Алматы облысының білім басқармасы жағдайға пікір білдіріп, қызметкерге қандай шаралар қабылданғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға Алматы облысы білім басқармасы маманы Мадияр Шәріповтің Алматыдан Қонаевқа көшіріліп жатқан балалармен сөйлесіп жатқаны түсіп қалған.

"Э, бауырым... Біз еркекпіз ғой, келісеміз... Э, бауырым, мен сені түсінем, сен де мені түсін…" – дейді ол балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.

Басқарма мәліметінше, Мадияр Шәріпов бұл қызметке шамамен бір ай бұрын қабылданған және сынақ мерзімінде жүрген.

"Видеодағы оның айтқан сөздері мемлекеттік қызметкер этикасының талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, әрі бұдан былай мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтыны туралы ескерту берілді. Болашақта оның кәсіби қызметі мен коммуникациясы басқарма басшылығы тарапынан тұрақты бақылауда болады", – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ басқарма өз қызметкеріне қатысты кешірім сұрады.

"Туындаған алаңдаушылық үшін кешірім сұраймыз және балаларды тәрбиелеу мен олардың құқықтарын қорғау мәселелеріне бейжай қарамағандарыңыз үшін алғыс айтамыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети