ПОДЕЛИТЬСЯ
11 ақпан 2020 | 09:21
Бағдат Мәнізоров жұмыстан кету себебін түсіндірді
Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоров жұмыстан кету себебін түсіндірді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоров жұмыстан кету себебін түсіндірді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна журналистері бұрынғы жоғары шенді шенеунікпен байланысқан. Экс-орынбасардың айтуынша, ол жұмыстан өз еркімен шыққан екен.
"Ешкім жұмыстан шығарған жоқ, шешімді өзім қабылдадым. Екі жыл демалғаным жоқ, кішкене емделіп алғым келді", - дейді Бағдат Мәнізоров телефон арқылы.
Айта кетейік, 2019 жылы шілдеде Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда қыркүйекте оның ұсталғаны туралы мәлімет шықты. Ол қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Әріптестері оның адал қызметкер және сауатты басшы екенін айтқан.
Осы оқиғадан соң Мәнізоров алдымен ақысыз демалысқа, кейін денсаулық жағдайына байланысты демалысқа кеткен болатын.
2019 жылы қазанда шенеуніктен барлық айып алынды. Кейін ол жұмысқа қайта қосылған.
Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Показать комментарии
Читайте также