Бағдат Мәнізоров жұмысқа шықты

30 Қазан, 11:59
0
Бағдат Мәнізоров жұмысқа шықты -

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров қызметіне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұның алдында Алматы облысы әкімдігінің өкілдері Мәнізоровтың жұмыстан шығарылмайтынын мәлімдеген еді. Ведомстводағылар Мәнізоровтың әлі де ақысы төленбейтін еңбек демалысында екенін айтқан болатын.

"Ол жұмысқа шықты және өз қызметінің аясындағы міндеттерді орындап жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. "Мәнізоров мырза, Алматы облысы әкімінің орынбасары, шынында ұсталды. Біз осыны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның іс-әрекеттерін нақты саралау үшін оған қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айып тағылатыны және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылып жатыр", - деген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай