Бағдат Мусин Бас прокуратураға қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағдат Мусин Бас прокуратураға қызметке келді © Facebook

Бағдат Мусин ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағдат Мусин ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.

Сонымен қатар, осыған дейін бұл комитеттің төрайымы болған Сәуле Айтпаеваның қызметтен босатылғаны хабарланды.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған. Ал 2014 жылдың тамызында Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен "Қазпочта" АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети