Бағдат Мусин Президент кеңесшісі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бағдат Мусин Президент кеңесшісі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Бүгін сондай-ақ, Президент кеңесшісі лауазымынан экономист Олжас Құдайбергенов кеткені белгілі болды.
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болған.
2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарған.
2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Ал 2017 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарды, бірақ 2018 жылы қызметінен кетті. Мусиннің айтуынша, ол мемлекеттік сектордан бизнес жобаларды әлемдік деңгейде жүзеге асыру мақсатында кеткен. Сонымен қатар, денсаулығына байланысты.
Кейінірек ол BI Group компаниясына жұмысқа орналасқаны белгілі болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!