Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихиннің қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихиннің қамау мерзімі ұзартылды

Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихиннің қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихиннің қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"7 наурызда Астананың № 2 Есіл аудандық соты Президент Әкімшілігі Басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен Президент Әкімшілігіндегі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Николай Галихиннің қамау мерзімін 12 мамырға дейін ұзартты", - деді Астана сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Бағлан Майлыбаев 16 қаңтарда қамауға алынған болатын. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Майлыбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ұстаған еді. Сондай-ақ, мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері Николай Галихин ұсталған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети